Павлодарда республикалық тас жолдағы қозғалыс қайта ашылды

9 Ақпан 2022, 11:24
1211
Бөлісу:
Павлодарда республикалық тас жолдағы қозғалыс қайта ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар учаскеде  көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлады Қазақпарат.

9 ақпан күні сағат 07.30-дан бастап Қарағанды облысында ауа райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар Қызылорда-Павлодар тас жолының учаскесінде (1206-1135 шақырым) көлік қозғалысы ашылды, - деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. 

Ведомствоның хабарлауынша, Екібастұз қаласының аймағындағы Шідерті кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс қалпына келтірілді.

Еске салайық, кеше бұл жолда қалың тұман түсуіне байланысты көлік қозғалысы шектелген еді.

Өзгелердің жаңалығы