Павлодарда қазақ тілін оқыту курстары онлайн өтеді

1 Қыркүйек 2022, 03:27
1428
Бөлісу:
Павлодарда қазақ тілін оқыту курстары онлайн өтеді

Тіл үйрену курсы үш ай Zoom қосымшасында жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәлімдеуінше, тіл үйрену курсына барлық санаттағы азаматтар қатыса алады.

Курстар 5 қыркүйектен бастау алады. Қатысушылар 3 ай бойы «Zoom» қосымшасы арқылы онлайн режимде өткізілетін курста оқу құралдарын, «Ана тілі» мобильді қосымшасын тегін ала алады. Сабақтар аптасына 2-3 рет онлайн режимде тұрғындарға ыңғайлы уақытта өтеді, - делінген хабарламада.

Курс интерактивті тапсырмалар, тесттер, бағалау және тексеру элементтерін ескере отырып, жаңа технологияларды қолдану арқылы жүргізіледі.

Қатысу үшін 65-23-63, 87015269321 (WhatsApp нөмірі) телефондары бойынша немесе otdkultpvl@yandex.kz электрондық поштасы арқылы жазылуға болады. Ол үшін қатысушы аты-жөнін, WhatsApp байланыс нөмірін және жұмыс орнын көрсету қажет.

Өзгелердің жаңалығы