Павлодарда қантқа кезек азайды

21 Қазан 2022, 14:44
922
Бөлісу:
Павлодарда қантқа кезек азайды

Жергілікті дүкендерде қант кезегі азайды. Өнім әлеуметтік бағамен саудаланып жатыр, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мамандарының айтуынша, тұрақтандыру қорындаға қант көлемі жеткілікті. 

Қазіргі уақытта қан төңірегіндегі шу сейілді. Көтерме сауда нысандарына қант тұрақты жеткізіліп жатыр. Бүгінде өнімнің бір келісінің әлеуметтік бағасы 526 теңгені құрап отыр. Ешқандай мәселе жоқ, - дейді басқарма басшысы Талғат Доғалов.

Бір әлеуметтік өнімнің бағасы тұрақтанса, екінші азық түрі қымбаттап кеткен. Қазіргі уақытта жұмыртқасының ондығының бағасы шарықтады. Мамандардың айтуынша, бағаның өзгеруі – маусымдық құбылыс. Себебі, өндірушілердің шығындары ұлғайған.

Бүгінде екі құс фабрикасымен келісімшарт бар. Құжат негізінде 6,5 млн. Жұмыртқа тасымалдау жоспарланған. Фабрикалар өнімнің ондығын 364 теңгеден босатып жатыр. Ал тұрақтандыру қорынан 10%-дық үстемемен саудаланады, - дейді мамандар.

Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында қант, жұмыртқа, күріш, өсімдік майы, қарақұмық жармасы, тұз, макарон, ұн, картоп, сәбіз, қырыққабат және сәбіз бар. Өнімдер 200 әлеуметтік дүкенде сатылады. Алдағы уақытта Тараз қаласынан сәбіз әкелінбек. Ал Қырыққабат жергілікті шаруалардан сатып алынады. 

Айта кетейік, өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 13 түрі орташа республикалық бағаларға қарағанда арзан. 

Өзгелердің жаңалығы