Павлодарда пара алған құқық қорғаушы айыппұл төледі

22 Маусым 2022, 23:06
1333
Бөлісу:
Павлодарда пара алған құқық қорғаушы айыппұл төледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кінәлі үш аптаның ішінде айыппұлды төлеп тастаған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы әділет департаментінің мәлімдеуінше, азамат Ақсу қалалық сотымен ҚР ҚК 366 – бабының 1-1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған.

Оған 4 000 000 теңге сомасында қырық еселенген пара сомасы мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

2022 жылғы 31 мамырда сот орындаушысы ол азаматтан мемлекет кірісіне 4 миллион теңге сомасында қылмыстық айыппұл өндіріп алу туралы атқарушылық ісі қозғады, - деді департаментте.

2022 жылғы 21 маусымда атқарушылық іс жүргізу шеңберінде қылмыстық айыппұл толық көлемде өндірілген..

Айта кетейік, ҚР қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-1-бөлігі бойынша құқық қорғау органының қызметкері немесе құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам немесе судья пара алуына қатысты іс қаралады.

Өзгелердің жаңалығы