2 маусымда Павлодар облысының құтқарушылары техникалық жөндеу орталығындағы (ТЖО) өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін, 2 маусымда Павлодар қаласында болды.
Өрт салдарынан үш көлік зақымдалды. Құтқарушылар бір газ баллонын сыртқа шығарды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында 80 шаршы метр алаңдағы қызыл жалын толығымен сөндірілді, – делінген хабарламада.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.