Павлодарда өрттен 1 жасар бала көз жұмып, тағы екеуі зардап шекті

11 Желтоқсан 2022, 12:51
1066
Бөлісу:
Павлодарда өрттен 1 жасар бала көз жұмып, тағы екеуі зардап шекті

Кеше Павлодар қаласындағы Усолка шағын ауданында екі қабатты кірпіш үйдің бірінші қабатында болған өрттен 2 бала зардап шегіп, бір бала көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

10 желтоқсанда сағат 17.57-де Усолка шағын ауданында екі қабатты кірпіш үйдің бірінші қабатында өрт шыққан. Үйде 5 жасар ұл мен 14 жасар қыз бала болған. Сонымен бірге үйдің залында 2021 жылы туған баланың күйік шалған денесі табылды. Үйде үлкендер болмаған, - делінген полиция хабарламасында.

Өрттен зардап шеккен балаларды ауруханаға жатқызылмаған.

Дәрігерлер оқиға орнына келген кезде 2008 және 2017 жылы туған балаларға күйзеліске түсу диагнозын қойды. Қазіргі таңда балалар анасымен бірге, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Өзгелердің жаңалығы