Павлодарда мұнай-газ жабдығын шығаратын зауыт ашылды

27 Мамыр 2022, 07:33
996
Бөлісу:
Павлодарда мұнай-газ жабдығын шығаратын зауыт ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда "КазПромБезопасность ПВ" ЖШС мұнай-газ жабдықтарын шығаратын кәсіпорын іске қосылды.

Бұл жоба индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Өндіріс алаңында жылу алмастырғыштар, конденсаторлар, ауаны салқындату аппараттары, криогендік жабдықтар, құбыр бөлшектерінің көптеген түрі, металл конструкцияларының бірнеше түрі шығарылады.

Өндірілетін өнім желісін кеңейту жоспарланып отыр. Зауытта жоғары сапалы өнім дайындау кезінде стандарттардың барлық талабына жауап беретін заманауи жабдық орнатылған.

Қазір кәсіпорында 40 қосымша жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын штаты 150 адамға дейін жетеді деген жоспар бар.

Өзгелердің жаңалығы