Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Павлодарда мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

1 Мамыр 2025, 05:45
635
Бөлісу:
 pexels
Фото: pexels

Павлодар қаласында мотоцикл мен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан 19 жастағы жас жігіт жарақат алды. Бұл туралы BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 30 сәуір күні сағат 18:42-де орын алған. Зардап шеккен мотоцикл жүргізушісі жедел түрде №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы