Павлодарда монша кешені отқа оранды

14 Шілде 2024, 09:10
375
Бөлісу:
Павлодарда монша кешені отқа оранды
Фото: видеодан кадр

Жалын қоғамдық моншаның 40 шаршы метрін жайпап өткен. Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Облыс орталығында екі қабатты монша кешені өртенді.

Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

13 шілде күні сағат 17.09-да өрт туралы хабар түсті. Елгин көшесінде жеке меншік аумақта екі қабатты монша өртенген. Оқиға орнына 24 қызметкер мен 6 өрт сөндіру қызметінің техникасы, жедел құтқару жасағы және медициналық апаттар орталығы қызметкерлері барды. Өрт сағат 17.25-те сөндірілді, - деп мәлімдеді департаменттен.

Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.

Шығу себебі мен келген шығын көлемі анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы