Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Павлодарда мектеп оқушыларына вейп сатқан топ ұсталды

26 Маусым 2025, 23:46
833
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Павлодар облысында мектеп оқушыларына вейп сатқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заңсыз саудамен айналысқандар тыйым салынған өнімді Telegram мессенджері арқылы саудалап келген. Олардан 6000-ға жуық вейп тәркіленген.

Ал егер аталған өнім сатылғанда қылмыстық табыс 100 миллион теңгеден асатын еді.

Олардың тұтынушыларының басым бөлігі мектеп оқушылары мен жасөспірімдер.

Айта кету керек, вейп қолдану денсаулыққа елеулі қауіп төндіреді. Өйткені, олардың құрамындағы заттар жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелеріне кері әсер етеді. Инсульт, инфаркт және басқа да аурулардың даму қаупін арттырады.

Еске сала кетейік, Екібастұз қаласында электронды тұтыну жүйелерін (вейптер), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз айналымға шығарумен айналысқан топ қолға түсті. Нәтижесінде 5 600-ден астам вейп пен олардың бөліктері тәркіленді. Аталған өнімдер сатылғанда қылмыстық табыс 100 млн теңгеден асатын еді.

Өзгелердің жаңалығы