Павлодарда математика мұғалімі оқушының арқасына бұранда тығып алған

27 Қаңтар 2025, 19:07
556
Бөлісу:
Павлодарда математика мұғалімі оқушының арқасына бұранда тығып алған
Фото: freepik

Математика пәнінің мұғалімі Павлодарда оқушының арқасына бұранда тығып алған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

9 "Д" сыныбындағы төртінші алгебра сабағында математика пәнінің мұғалімі тақтада тұрған оқушының жанынан өтіп бара жатып, оған белгісіз бір затты тығып алған. Бұл сабақ бейнебақылау камерасы орнатылған үшінші қабатта орналасқан №34 кабинетте өткізілген. Видеода мұғалімнің шкафқа қалай жақындап, бұранданы бұрап жатқанын көруге болады. Кейін сол бұранданы оқушының арқасына тығып алған, - деп хабарлады Павлодар Білім басқармасынан.

Мектеп медбикесі баланы тексеріп, оның денесінде бұранда ізі жоқ екеніне көз жеткізген. Сонымен қатар баланы жедел жәрдем бригадасы тексерістен өткізіп, оқушының денесінде ешбір жарақат жоқ екенін анықтаған.

Білім бөлімінде атап өткендей, мұғалімнің өзі бұл әрекетіне өкініп, оқушының ата-анасынан кешірім сұраған.

Қазіргі уақытта полиция бөлімінде тексеру жұмыстары жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталуда, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы