Павлодарда мас жүргізуші бас бостандығынан айырылды

30 Қаңтар 2023, 20:23
916
Бөлісу:
Павлодарда мас жүргізуші бас бостандығынан айырылды
VIDEO
Фото: Polisia.kz

Павлодарда өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылған азамат, қайта рөлге отырып бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ  Polisia.kz сілтеме жасап.

Жылдың басынан бастап Павлодар облысында полицейлер мас күйінде көлік басқарған 54 жүргізушіні ұстады. 

Полициямен жүргізілген алдын-алу шараларына қарамастан, кейбір жүргізушілер құқығынан айырылып, мас күйінде көлік жүргізуді жалғастырған.

 Патрульдік полиция инспекторларымен патрульдеу кезінде Ақсу қаласында М.Мәметова көшесінде Volkswagen Golf автокөлігі тоқтатылды. Әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққан. Медициналық куәландыру көрсеткендей, 29 жастағы азамат жеңіл дәрежелі мас күйде болған, – деді Павлодар облысы Ақсу қалалық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметов.

Тәртіп сақшысы құжаттарды тексеру барысында бұл жүргізушінің мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін полицияға бірнеше рет жеткізілгенін анықтады. 29 жастағы азамат алғаш рет 2020 жылдың қаңтарында ұсталған. 

Өз әрекеттері үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша 3 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған.

 Алайда, 2020 жылдың сәуір айында ол қайтадан мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған. Сол кезде полиция ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. 

Сот ер адамды өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеген. Бірақ бұл жағдайлар жүргізушіге сабақ болған жоқ. Жүргізушіні полицейлер тағы да осындай заң бұзушылық үшін тоқтатты.

 24 қаңтарда материал қалалық сотта қаралды. Сот барлық материалдарды зерделеп, қаулы етті: ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігіне (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік күйде көлік құралын басқарғаны үшін жүргізуші 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, жүргізушіге мемлекет кірісіне іс өндірісі шығындарын төлеуге міндеттелді, – деп нақтылады Арман Рахметов.

Өзгелердің жаңалығы