Павлодарда мас күйде көлік жүргізген 175 жүргізуші жауапқа тартылды

1 Сәуір 2024, 20:45
709
Бөлісу:
Павлодарда мас күйде көлік жүргізген 175 жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Биыл Павлодарда мас күйде көлік жүргізген 175 жүргізуші анықталды,деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Павлодар полицейлері жыл басынан бері көлікті мас күйінде жүргізген 175 жүргізушіні жауапқа тартты.

Мас күйінде көлік жүргізу – жол жүру ережелерін ең өрескел бұзушылықтардың бірі. Мас күйінде көлік құралын жүргізген жүргізуші апатқа әкелуі мүмкін, онда ол өзі ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысының басқа қатысушыларына да зиян келтіреді. Әрбір жүргізуші жол жүру ережелерін қатаң сақтауға міндетті, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.

Жоғарыда аталған құқық бұзушылық үшін 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру көзделген.

Өзгелердің жаңалығы