Павлодарда латын әліпбиіне арналған семинар өтті

20 Қыркүйек 2019, 09:19
2005
Бөлісу:
Павлодарда латын әліпбиіне арналған семинар өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Латын негізді жаңа әліпби: құрылымы, ерекшелігі, жазылымы» тақырыбындағы облыстық онлайн семинар өткізілді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі ұйымдастырған шара қазақ тілін оқытатын педагогтардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

"Семинар барысында Қазақ гуманитарлық заң университеті филология ғылымдарының кандидаты Бекзат Динаева Павлодар ауданы, Баянауыл, Успен аудандарының қазақ тілі оқытушыларына іс-жүргізу мәселелері туралы дәріс оқыды", - дейді ұйымдастырушылар.

Онлайн семинарда латын графикасы негізінде қазақ әліпбиін оқыту мәселелері талқыланды. Дәріс оқушылар тыңдаушыларға жаңа әліпбидің құрылымы, ерекшеліктері туралы ақпараттар берді.
Өзгелердің жаңалығы