Павлодарда коронавирус жұқтырған тағы 4 кісі анықталды

24 Сәуір 2020, 19:15
1235
Бөлісу:
Павлодарда коронавирус жұқтырған тағы 4 кісі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 Павлодар қаласының 4 тұрғынында анықталды, деп хабарлайды Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы. 

1985 жылы туған әйел адам ЖРВИ диагнозымен ауруханаға түскен, 2020 жылғы 24 сәуірдегі алынған  талдау сынама нәтижесі КВИ инфекциясы бар екенін анықтады.  

1985 жылы туған әйел адам мен екі жасар бала бұрын КВИ оқиғасы расталған адаммен жақын қарым-қатынаста болған. 

2000 жылы туған әйел адам жүкті. 

Аймақтық медициналық ұйыммен «Босанар алдында COVID-19-ға ПЦР әдісімен жүкті әйелдерді тестілеу» барысында коронавирус инфекциясы  анықталды.  Жүктілік мерзімі 40 апта 5 күн. 2020 жылғы 24 сәуірдегі нәтиже бойынша  КВИ анықталды. 

Барлық жағдайда да олармен қарым-қатынаста болған тұлғаларды анықтап, оқшаулау бойынша жұмыс жүргізілуде.  Эпидемиологияғы қарсы іс-шаралар жалғасуда. 

Бүгінгі күннің сағат 19:00-дегі жағдайы бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 66 оқиға тіркелді. 


Өзгелердің жаңалығы