Павлодарда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды

11 Қыркүйек 2022, 01:13
733
Бөлісу:
Павлодарда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды

10 қыркүйекте сағат 11:41-де Құдайбердиев көшесіндегі көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, балкондардың бірінде үй заттары мен жиһаз отқа оранған. Қызыл жалын шарпыған аумақтың көлемі 14 шаршы метрді құрады.

Сағат 12:20-да өрт ауыздықталып, сағат 12:36-да толықтай сөндірілді.

ТЖД қызметкерлері 10 адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады.

Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

Оқиға орнында ТЖД-ның 31 қызметкері, ТЖМ Апатты медицина орталығы филиалының төрт қызметкері және 10 техника жұмыс істеді.

Өзгелердің жаңалығы