Павлодарда коммуналдық желідерді жақсарту үшін жол картасы әзірленді

18 Қазан 2022, 13:48
1070
Бөлісу:
Павлодарда коммуналдық желідерді жақсарту үшін жол картасы әзірленді
Фото: автордан

Ертіс өңірінде тозған инженерлік-коммуналдық желілерді біртіндеп ауыстыру мақсатында жол картасы әзірленді, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Айта кетейік, Павлодардағы коммуналдық желілердің 80%-дан астамы әбден тозған. салдарынан жылу маусымы кезеңінде жүздеген апат тіркеледі.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Салхановтың айтуынша, жол картасы шеңберінде желілерді жөндеу, ауыстыру бойынша бірқатар шаралар қарастырылған.

Мақсат – жылу желілеріні ңтозу деңгейін азайту, магистральді желілерді реконструкциялау. Сонымен қатар, бірінші және кінші жылу орталықтарының қуаттылығын арттыру қажет. Қазіргі уақытта ішкі кварталды жылу желілерін реконструкциялау бойынша 3,4 млрд. теңгенің жобасы әзірленді. Бюджеттік өтініш ұлттық экономика министрлігіне жолданды. Келесі кезең – 25 шақырымдық желіні ауыстыру. Жоба жасалып жатыр, - дейді Ержан Салханов.

Бүгінде облыс орталығында тұрғын үй және өзге де нысандардың құрылысы қарқын алған. Олардың барлығын жылумен қамту үшін энергия көздерінің қуаттылығын ұлғайту керек. Қазіргі уақытта тапшылық байқалып жатыр. Мәселені шешу үшін жылу көздерінің өндірістік қуаттылығын арттыру қажет.

Мамандардың айтуынша, тозығы жеткен құбырларды азайту үшін жыл сайын 25 шақырымын жөндеп отыру керек. ал бүгінде жыл сайын  небары 5-6 шақырымы ретке келтіріледі.

Жол картасын іске асыру үшін 95 млрд. теңге қажет. Биыл техникалық аудит аяқталды. Алдағы уақытта Екібастұз қаласы бойынша да техникалық аудит жүргізіледі, - дейді басқарма басшысы.

Жол картасы 2030 жылға дейін жүзеге асырылады.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына сапары барысында мәселені шешуге тапсырма берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы