Павлодарда көлік ұрысы ұсталды

17 Шілде 2021, 15:17
8020
Бөлісу:
Павлодарда көлік ұрысы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері ұрлықтың құрбаны болмас үшін көліктің барлық есіктері жабық екеніне көз жеткізіп, қауіпсіздік жүйесін қосу керектігін еске салады, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.


14 шілдеде полицияға Павлодар қаласының тұрғыны жүгініп,  Катаев көшесіндегі үйдің ауласынан белгісіз біреу өзінің "Ниссан Максима" автокөлігін ұрлап кеткенін айтты. Ер адам шаруаларымен шықпақ болған кезде орнында тұрған көлікті таппағанын айтты. Иесіне келтірілген залал 1600 000 теңгені құрады. Қаскүнемді ұстау үшін "Ұстап алу" жоспары енгізілді. Көп ұзамай  күдікті анықталды, - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров. 


Қазіргі уақытта оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бірнеше сағаттан кейін қаланың тағы бір басқа ауданында белгісіз адам жақын жерде ешкімнің жоқтығын көріп, ЗИЛ-130 көлігін ұрлап кеткен. Енгізілген "Ұстау" жоспарының нәтижесінде қаскүнем қолға түсті. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Көлікті жарықтандырылған және жақсы көрінетін жерлерде қалдыру керек. Салонда кілттерді, құжаттарды, құнды заттарды немесе назар аударатын заттарды қалдырмаңыздар. Егер көліктің жанында күдікті адамдар жүрсе, полицияға қоңырау шалыңыз, - дейді Жасқайрат Қайыров.

Өзгелердің жаңалығы