Павлодарда инфекция жұқтырған 58 адам тіркелген

24 Сәуір 2020, 01:12
1435
Бөлісу:
Павлодарда инфекция жұқтырған 58 адам тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 адам да бұрын COVID-19 вирусы анықталған адамдармен байланыста болған. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

COVID-19-ды Екібастұз қаласының 8 тұрғыны жұқтырғаны белгілі болды, оның ішінде 1940 жылы туылған ер адам және 1947, 1966, 1968, 1990, 1992 жылы туылған бес әйел адам бар. Сондай-ақ коронавирус инфекциясын кәмелет жасына толмаған 2013 жылғы қыз бала мен 2014 жылғы ұл бала жұқтырған, - делінген хабарламада.

Барлық науқастар өздеріне дейін COVID-19 вирусы анықталған адамдармен байланыста болған.
Барлық жағдай бойынша байланыс жасаған адамдар тобы анықталып, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

23 сәуірде сағат 22:40-тағы жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 58 адам тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы