Павлодарда ғимаратқа заңсыз жолмен кірмек болған ер адамды жеделсаты қысып қалды

Павлодарда ғимаратқа заңсыз жолмен кірмек болған ер адамды жеделсаты қысып қалды
389

Павлодарда Мир көшесіндегі ғимараттардың біріне заңсыз кіруді көздеген ер адам жеделсаты шахтасында қысылып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқыс оқиға 2022 жылы 10 тамызда болды. Шақырту бойынша оқиға орнына келіп жеткен полиция жасағы құтқарушылармен бірге қолы қысылып қалған ер адамды жеделсатыдан алып шықты.

Бес қабатты бос ғимараттың шатырында жүк тиейтін жеделсаты шахтасында трос пен механизм тұғыры арасына ер адамның оң қолы (иығы) қысылып қалғаны анықталды. Құтқарушылар жеделсаты қызметінің қызметкерлерімен бірге 27 жастағы қала тұрғынын құтқарды, - деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазір ПД бұл ғимаратта ер адамның не үшін жүргенін анықтап жатыр.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы