Павлодарда гидравликалық сынақтар жүргізіледі

Павлодарда гидравликалық сынақтар жүргізіледі
335

Жылу желілеріне жөндеу жүргізілгеннен кейін 1-6 тамыз аралығында Оңтүстік желілік аудан бойынша қайта гидравликалық сынақтар жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Pavodrnews.kz жазды.

109 облыстық бірыңғай байланыс орталығының мәлімдеуінше, 6-13 тамыз аралығында осындай сынақтар Солтүстік желілік аудан бойынша жүргізілетін болады.

Сынақ жүргізу кезеңінде құбырларға жоғары қысым берілетін болады және жылу трассасының (қайнаған су бұрқағы) жарылуы мүмкін. «Павлодар жылу желілері» ЖШС мен Павлодар қаласы әкімдігінің бірлескен күштерімен қайта сынау нәтижесінде анықталған ақаулықтарды жою бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады. Осыған байланысты, сабырлық сақтауларыңызды және үрейленбеулеріңізді сұраймыз, – делінген хабарламада.


Фото: ашық дереккөз