Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен облыс орталығының тұрғыны, 48 жастағы әйел адам ұсталды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Павлодар тұрғынынан 90 грамнан астам есірткі заты бар үш түйіншек табылды.
«Сараптама қорытындысына сәйкес бұл зат «героин» болып шықты. Сондай-ақ, осы азаматшаның есірткі заттарын сатумен айналысатыны анықталды», - делінген хабарламада.
Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Фигурант қалалық УҰИ–ға қамалды.
Сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта полицейлер бірқатар жедел іс-шаралар жүргізуде, есірткінің қайдан алынғаны, мақсаты анықталуда. Тергеу жалғасуда.