Павлодарда ерекше көпір салынуы мүмкін

17 Наурыз 2021, 22:50
1606
Бөлісу:
Павлодарда ерекше көпір салынуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Ақылбек Қабылдин Ертіс өзеніне салынатын көпір туралы айтты. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлады.

Ақылбек Қабылдиннің мәлімдеуінше, 1962 жылы салынған ескі көпірге 59 жыл болды. Тозған көпір құрылысы жүк көтергіштігі мен көлік ағынының заманауи талаптарына сәйкес келмейді. «ҚазАвтоЖол» хабарлауынша, қазір көпір өте ауыр жағдайда.

Ертіс арқылы жаңа, заманауи көпір салу туралы шешім қабылданғаннан кейін сарапшылар жұмысты жүргізудің екі нұсқасын қарастырды.

Бірінші нұсқада ескі көпірді жөндеуге жіберу және жаңа көпірдің құрылысы жүріп жатқан кезде көлік ағынын қаланың батыс айналма жолы арқылы «Нұрлы Жол» көпірі бойымен бағыттау көзделді. Екіншісі бойынша жаңа көпір салу және ескі көпірдегі қозғалысты шектемеу қарастырылды. Ескі көпірді жаңасы пайдалануға берілгеннен кейін жөндеу жоспаранған, - деді Ақылбек Қабылдин.
Ол екінші нұсқаның бірнеше артықшылығы бар екенін атап өтті. Бастысы - жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары бір жарым жыл бойы қаладан қол үзіп қалмайды және облыс орталығына жету үшін «Нұрлы жол» көпірі арқылы үлкен айналымға барудың қажеті жоқ.
Жаңа көпірдің таңдалған нұсқасы бойынша ол көлемді, әрі Қазақстандағы бірегей көпір болмақ. Ол төрт жолақты қамтиды. Әр бағытта екі жолақтан. Құрылымның жалпы ұзындығы 2,7 шақырымды құрайды. Оның ішінде көпірдің өзі 691 метрді құрайды, - деді Ақылбек Қабылдин.
Алайда, жаңа көпір салу үшін 3 мыңнан астам ағаш сүрілуі керек. «ҚазАвтоЖол» әр кесілген ағаштың орнына он жаңа ағаш отырғызуға уәде беруде.

Спикердің айтуынша, көшеттерді қалада да, Чернорецк орман шаруашылығында да отырғызу жоспарланған. Олар ағаштарды суаруға және бірнеше жыл бойы жас өсімдікті күтуге уәде береді.

Бірақ ағаш сатушылар қажетті мөлшерде ағаш беруге дайын екендігі туралы нақты ақпарат әлі жоқ.

Жаңа көпір құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау 2021 жылғы 18 наурызда өтеді.

Өзгелердің жаңалығы