Павлодарда электр энергиясын жеткізу және таратумен айналысатын компанияға қатысты монополистік әрекет белгілері бойынша тексеру басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Павлодар облысы бойынша Қаржы мониторингі агентігінің департаментіне сілтеме жасап.
Кәсіпорынның 2019-2020 жылдардағы есептілікке сенімсіз кәсіпорындармен 583 млн теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мәмілелер жасалғаны туралы күдік бар. Бұл, өз кезегінде, көрсетілген мерзімде тарифтік жоспардың өсуіне әсер етуі мүмкін.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.