Павлодарда екі үй мен монша, көмір қорасы жанып кетті

12 Маусым 2022, 04:35
1357
Бөлісу:
Павлодарда екі үй мен монша, көмір қорасы жанып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығында төрт өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, М. Жүсіп көшесі, 445 мекенжайы бойынша бір қабатты кірпіш үйде шатырдың ағаш құралымдары жанып, жоғары температураның әсерінен пластик терезе жанып кетті. Жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрады.

Потанин көшесі, 18А  мекенжайы бойынша жеке тұрғын үй ауласында кірпіш монша шатырының ағаш құрылымдары, 20 шаршы метр аумақта көмір қорасы жанды. 

Потанин көшесі, 19 мекенжайы бойынша 80 шаршы метр аумақта қараусыз қалған пескоблок үй толығымен жанып кетті. 

Өзгелердің жаңалығы