Павлодарда бірнеше жанармай бекетін тонаған қарақшылар ұсталды

30 Қыркүйек 2020, 06:21
1276
Бөлісу:
Павлодарда бірнеше жанармай бекетін тонаған қарақшылар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарлық полицейлер бір топ адамның жанар-жағармай құю бекеттеріне жасаған қарақшылық шабуылдарының бетін ашты. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады.

11-20 қыркүйек аралығында полицияға белгілі бір адамдар тобы жанармай құю бекеттерінің қызметкерлеріне шабуыл жасап, кассадан қолма-қол ақшаны иемденгені туралы арыздар түсе бастады. Мысалы, 11 қыркүйек күні сағат 01.15-те Павлодар қаласының маңындағы ЖМҚС бірінде 3 қаскүнем жанармай құю бекетінде қызметкерлерді байлап, ұрып-соғып, кейін кассадан 174 мың теңге сомасындағы ақшаны алып кеткен. Басқа бекетке келіп, бетперде киіп, 34 жастағы жанармай құю бекетінің қызметкеріне газ баллонын шашып, кассадан 35 мың теңгені қолды еткен.

Сол сияқты, қарақшылар шығыс Промзона көшесінде орналасқан жанармай бекетінде де дәл бұрынғыдай әрекетке барған. Мұнда олар 400 мың теңгені заңсыз иемденіпті. Ұқсас эпизодтар басқа жанармай бекеттерінде де болды.

Жедел тергеу әрекеттері барысында полиция қызметкерлері аталған тонауда күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар заңсыз жолмен ақша тапқан үш дос болып шықты. Күдіктілер өз кінәсін мойындады, - деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Қазір оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы