Павлодарда әскери техникалар көрмесі өтіп жатыр

5 Мамыр 2023, 14:27
705
Бөлісу:
Павлодарда әскери техникалар көрмесі өтіп жатыр
Фото: Хабар24

Павлодардың Әскери Даңқ саябағы жаңа жәдігермен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Хабар24 жазды. Экспонаттар қатарына 1943 жылы шыққан «УралЗис -6» - деп аталатын ескі көлік қосылды. Әскери техника ұзақ жылдар Потанин атындағы тарихи - өлкетану музейінің ауласында сақталыпты. Кейін оны жергілікті университеттің машина жасау факультеті қалпына келтірді. 

Жеңіс күні қарсаңында жасақталған ашық аспан астындағы музейге сонымен қатар 1942-ші жылғы үлгідегі дивизиялық зеңбірек әкелінген. Майдан даласына ол 1944 жылдың ақпанында жеткізіліпті. 

Зеңбірек танкіге қарсы жойғыш артиллерия полкінің аға лейтенанты, Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаев басқарған 5-ші батареяның ұрыс шебінде қолданылған. Майдан даласында 2 мың шақырымдай жол жүріп өткен және 1 мың 193 рет оқ атқан. Ал 1992 жылы демеушілердің көмегімен Павлодарға жеткізілген. 
 

Өзгелердің жаңалығы