Павлодарда аңшылық мылтықты жасырған тұрғын жазаланды

9 Қазан 2023, 00:42
734
Бөлісу:
Павлодарда аңшылық мылтықты жасырған тұрғын жазаланды
Фото: архив

Павлодарда сейфте мылтық пен алтын сақтаған тұрғынға айыппұл салынды. 58 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтық қару иелерін тексеру кезінде сақтау ережелерінің бұзылғанын анықтады.

Ер адам сейфте аңшылық мылтықтарымен бірге алтын бұйымдарын сақтаған. Қала тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.

Сондай-ақ үй иесін қарумен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларын қайта даярлауға мамандандырылған оқу орталығына жіберу туралы қаулы шығарылды. Қару тәркіленді, оқу курстары аяқталғаннан кейін және бұзушылықтар жойылған соң қайтарылады.

Өзгелердің жаңалығы