Материал мамандандырылған әкімшілік сотта қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Облыс орталығының Қамзин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде 34 жастағы павлодарлық мас күйде анасымен жанжалдасқан. Өзіне деген мұндай көзқарасқа төтеп бере алмаған әйел полиция қызметкерлерін шақырды.
Шақыруды пысықтау кезінде ер адам алкогольді ішімдік ішіп, анасына балағат сөздер айтып, жанжал шығарғаны анықталды. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін Павлодарлық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал мамандандырылған әкімшілік сотта қаралды, онда ер адам ескерту түрінде жазаға тартылды, сондай-ақ тәртібіне ерекше талап қойылды. Сот шешіміне сәйкес ер адамға алты ай бойы алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды қолдануға тыйым салынады, – деп түсіндірді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, сот процесінде ер адам кінәсін мойындап, анасынан кешірім сұрады.