Павлодарда акробатика және батут гимнастикасы бойынша халықаралық турнир басталды

25 Маусым 2022, 22:45
1595
Бөлісу:
Павлодарда акробатика және батут гимнастикасы бойынша халықаралық турнир басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Мұнда балалар жарыстар спорттың 4 түрінен бақ сынауда, деп хабарлайды Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. 

Бүгін спорттық акробатика және батут гимнастикасы бойынша «Иртышские Зори» халықаралық турнирі бастау алды. Оған балғындар спорттың 4 түрінен – спорттық акробатика, акробатикалық жолда секіру, батутта секіру және шағын батутта секіру бойынша сынға түсуде, - деді басқармадан.

Турнирге Ресей Федерациясынан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және еліміздің әр өңірінен сондай-ақ аймақтан 20-дан астам қаладан келген жас спортшылар қатысуда.Үш күн бойы 400 акробат үздік атағын сарапқа салады.

Жарыстың бас төрешісі Ирина Глушкованың айтуынша, «Иртышские Зори» Ресей құрамасының үздіктері, Әлем және Еуропа чемпиондары мен Азия жүлдегерлері жиналған.

Финалдық өнер көрсету және турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 27 маусымда «Баянтау» спорт сарайында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы