Павлодарда ағаш отырғызу маусымы басталды

9 Сәуір 2023, 17:36
976
Бөлісу:
Павлодарда ағаш отырғызу маусымы басталды
Фото: kz.otyrar.kz

Ертіс өңірінде ағаш отырғызу маусымы «Парктер шеруі» шарасымен басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Экологиялық акцияға ірі кәсіпорындармен қатар, мектеп оқушылары атсалысады. Дәстүрлі шараны ұйымдастыруға орман шаруашылығы нысандарының инспекторлары мұрындық болды. Олардың мәліметінше, биыл орманды алқаптарға 7,5 мың жас көшет отырғызылады. Бұған мемлекеттен 400 млн теңге бөлінген. Бөлінген қаражат жылдағы бюджеттен бірнеше есе көп. Ал орман алқаптарына жауапты мекемелердің жоспары бөлек.

Табиғатты қорғау мақсатындағы «Парктер шеруі» шарасы 2019 жылдан бері облыстық деңгейде аталп өтіледі. Қатысушылар саны жыл сайын көбейіп келеді. Табиғат жанашырларының қатарында оқушылар, еріктілер, студенттер бар. Көктемгі ағаш отырғызу науқаны 2800 гектардан астам аумақты қамтымақ. Бұл жерге 14 млн. қарағай көшетін отырғызуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта тұқымбақта өсірілген ағаштарды қазып алу жұмыстары жүріп жатыр, - дейді «Ертіс орманы» табиғи-орман резерватының қызметкері Гүлнар Нұрымова.

Бүгінде «Ертіс орманы» резерветында екі тұқымбақ жұмыс істейді. Қос нысан облысты қылқан жапырақты өсімдікпен қамтуға қауқарлы.

Айта кетейік, аймақты көгалдандыру жұмыстары тазалық айлығы аясында да жүргізіледі. Сәуір бойы облыстық түкпір-түкпірінде сенбіліктер ұйымдастырылады. Облыс орталығында 130-дан аула абаттандырылады. Жас көшеттерді күті, суару жұмыстары аймақ басшылығының жіті назарында болмақ.

Өзгелердің жаңалығы