Павлодарда 6 адам астан уланып қалды

12 Шілде 2023, 06:21
544
Бөлісу:
Павлодарда 6 адам астан уланып қалды
Фото: Артём Чурсинов

Павлодарда дүкеннен тауық-гриль мен салат алған 6 адам уланып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Дүкенге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жіберілген.

Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Маусымның басында алты ересек адам бір дүкеннен тауық-гриль, картоп, тұздық, салат, торттар сатып алып, уланып қалған. Тексеріс барысында сауда объектінде бірқатар бұзушылықтар анықталды: тауарды таңбаладағы сәйкессіздік, бактерицидтік шамның болмауы, сауда жабдықтарын уақтылы тазаламау және тағы басқалар, - деп хабарлады департамент.

Аталған сауда объектіге тиісті хаттама толтырылып, материалдар сотқа берілді. Қазіргі уақытта іс қаралып жатыр.

Жалпы аймақта жыл басынан бері жіті ішек инфекцияларының 176 жағдайы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 20 жағдайға өсіп отыр. Сальмонеллездің 66 жағдайы тіркелген.

 

Өзгелердің жаңалығы