Павлодарда 56 саяжай өртенді

20 Шілде 2020, 22:10
1597
Бөлісу:
Павлодарда 56 саяжай өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда 56 саяжай өртенді. Оның 21-і істеп тұрған болса, 35-інде адам тұрмайды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, саяжай учаскелерінде ағаш қоршаулар мен құрылымдар,  құрғақ шөп, қоқыс, ағаш жанған.
Сағат 19.07-де Фиалковая, Лесная, Центральная, Флоксовая, Хлопковая, Гвоздичная көшелерінде  "Надежда" өрт тіркелді.  Жалын 8 шаршы метрді қамтыды. Саяжай иелері мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.  Өрттің шығуына  тұрғындардың отты абайсыз қолдануы себеп болған, - дейді департаментте.
Тілсіз жауды сөндіруге  өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен алты техника мен 28 адам, газ-түтіннен қорғау бөлімі шықты. Сондай-ақ қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне қарасты мекемелер жұмылдырылды.
Өзгелердің жаңалығы