Павлодарда қатты бораннан орталық алаңда тұрған шырша құлады. Аталған шыршаны орнатуға қала билігі 52 млн теңге жұмсаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта темір құрастырманы бұзу жұмыстары атқарылып жатыр.
Павлодар қаласының әкімдігі ақша шашудан рекорд орнатып жатыр. Өткенде 53 млнға (салықменқосқанда 60 млн) салған мұз қалашығыағып кетті. Бүгін 52 млн теңгеге сатып алған шыршасы желге ұшты. Осылайша, бір айға жетпес уақыттыңішінде 100 млннан артық ақша су боп ағып, желге ұшты, - деп жазды (стилистика, орфография және автордың пунктуациясы сақталған - ред.) әлеуметтік желідегі парақшасына желі қолданушысы, журналист Есенбек Санатұлы. - ред.
Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айында Павлодар қаласындағы 53 млн теңгеге салынған мұз қалашығының біраз бөлігі еріп кеткен. Ал Жаңа жыл мейрамын мерекелеуге жергілікті қазынадан жалпы сомасы 185 млн теңге бөлінгені қоғам тарапынан сыналды.
Айта кетерлігі, таңертеңнен бері Павлодар облысында боран соғуда. Көптеген елді мекендерде электр жарығы сөнді.