Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласының орталық алаңында қала мен аудан оқушылары арасында Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне арналған VI облыстық сап түзеу және әндер байқауы өтті. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
«Өңіріміздің қалалары мен аудандарынан 15 команда құрамында 500 жас патриот қатысты. Конкурс барысында қатысушылардың сыртқы көрінісіне және теориялық білімдеріне, салтанатты шерумен ән айтып өту кезеңдеріне назар аударылды», - дейді облыстық білім беру басқармасында.
Конкурс қорытындысы бойынша қалалар арасында І орынды Павлодар қаласының № 1 командасы, ІІ орынды Павлодар қаласының № 2 командасы, ІІІ орынды Екібастұз қаласының командасы иеленді.
Аудандар арасында І орын Тереңкөл ауданының қыздар командасына, ІІ орын Успен ауданының командасына және ІІІ орын Ертіс ауданының командасына бұйырды. Жеңімпаз командалар арнайы диплом және кубоктармен марапатталды.