Павлодарда 30 жылдан кейін тұрғын үйдің ауласы абаттандырылды

24 Шілде 2022, 11:37
1067
Бөлісу:
Павлодарда 30 жылдан кейін тұрғын үйдің ауласы абаттандырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда 30 жылдан астам жаңартылмаған тұрғын үйдің ауласы абаттандырылды.

М.Жүсіп көшесі, 286 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйдің ауласын абаттандыру жұмыстарының 1-ші кезеңі аяқталды, - деп хабарлайды.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 600-ден астам отбасы тұратын қаладағы ең үлкен үйлердің бірінің тұрғындары көп жылдар бойы өз аулаларын абаттандыру мәселесі бойынша жергілікті билікке жүгінген.

 Қазір мұнда жаңа балалар алаңы, LED жарығы бар бағаналар, жаяу жүргіншілер жолдары және автотұрақтар асфальтталды.

Келесі жылы шағын футбол алаңы мен волейбол алаңын салу жоспарлануда. Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне келесі жылға арналған абаттандырудың екінші кезеңін іске асыру үшін жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы