Павлодарда 30 шақты заңсыз қоқыс алаңы анықталды

5 Шілде 2024, 02:11
428
Бөлісу:
Павлодарда 30 шақты заңсыз қоқыс алаңы анықталды
Фото: скрин

Павлодарда заңсыз қоқыс алаңдары көбейген. Аймақ бойынша 30-ға жуық орын анықталды. Ал облыс орталығының өзінде 10 полигон табылған. Солардың бірі шаһардың өндірістік аумағында орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қоқыс алаңына құрылыс және тұрмыстық қалдықтар тасталған. Жақын маңдағы кәсіпорындардан шығарылған қоқыс та осында төгіледі. Қазір құзырлы органдар кез келген жерге қоқыс тастайтындармен күресті күшейтпек.

Айта кетерлігі, Павлодарда заңды деп белгіленген 5 ғана қоқыс полигоны бар. Ал 321 қоқыс алаңы экологиялық және санитарлық талаптарға сай келмейді. Десе де, бұған әкімдіктер арнайы жер телімдерін бөлген. Сондықтан, шенділер бұны заңсыз деп айтуға келмейді деп отыр. Осы мәселені шешу мақсатында өңірде биыл 4 бірдей ауданда арнайы қоқыс полигонын ашу мәселесі қарастырылып жатыр.

Заңсыз қоқыстарды жоюға бөлген бюджет қаражаты бұл мәселені шеше алмайды. Қоқыс тастаушыларды тоқтату үшін әкімшілік күш керек. Яғни, жергілікті атқарушы органдар полициямен бірге қоқыс тастайды деген алаңдарға үнемі бақылау жасап отыруы керек, - дейді облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Мағзұм Қоқымбаев.

Өзгелердің жаңалығы