Павлодарда 30 мыңнан астам адам жұмысқа шығады

3 Мамыр 2020, 13:21
1115
Бөлісу:
Павлодарда 30 мыңнан астам адам жұмысқа шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда 4 мамырдан бастап 30 мыңнан астам адам жұмысына оралады, деп жазды облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Facebook парақшасында.

Жақын арада карантинді жеңілдетудің екінші кезеңі басталады. Сіздердің көпшілігіңіз оны күттіңіздер, кейбір нысандардың ашылу мерзімі туралы сұрадыңыздар. Мен сіздерге 4 мамырдан бастап Павлодар облысының 30 мың тұрғыны жұмысына оралып, өз бизнесін қайта жандандыратынын қуанышпен мәлімдеймін, - деп жазды облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Facebook парақшасында.

Сонымен, дүйсенбіден бастап қысқартылған жұмыс күні және алдын ала жазылу бойынша мына нысандар жұмысын бастайды:

• Медицина және оптика орталықтары;

• Сұлулық салондары;

• Аумағы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік сатпайтын дүкендер;

• Ақпараттық байланыс технологиялары орталықтары, жарнама, жылжымайтын мүлік, қойма және логистика саласындағы компаниялар;

• Адвокаттар мен нотариустар;

• Кішігірім қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар мен и айырбастау пунктері;

• Сурет салондары, гүл сататын дүңгіршектер және басқалар. ⠀

Сонымен қатар, далада спортпен айналысуға рұқсат беріледі. Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы БАҚ-та жарияланған.

Құрметті жерлестер, карантин шараларының жеңілдетілуі өз денсаулығымызға немқұрайлы қарауға болады дегенді білдірмейді. Бұрынғыдай барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап, өзіміз бен жақындарымызды қорғауымыз керек, - дейді облыс басшысы.

Өзгелердің жаңалығы