Павлодарда 2024 жылға дейін барлығы 12 денсаулық сақтау объектісі пайдалануға беріледі

25 Қараша 2021, 13:25
844
Бөлісу:
Павлодарда 2024 жылға дейін барлығы 12 денсаулық сақтау объектісі пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында тұрақты инфекциялық төсек-орын қоры пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 2,4 есе артқан. 

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр  Сқақов осындай мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, биыл Павлодарда облыстық аурухана жанынан инфекциялық бөлімше пайдалануға берілген. 

Денсаулық сақтау жүйесін нығайтудың барлық басқа бағыттары біз үшін бірдей маңызды. Павлодардың жаңа шағын ауданында көпсалалы аурухана салуды, сондай-ақ өңірде тағы үш ауылдық медициналық мекемелер құрылысын жоспарлап отырмыз, -деді ол. 

Әкім өз сөзінде 2024 жылға дейін барлығы 12 денсаулық сақтау объектісін пайдалануға беру жоспарда екенін хабарлады. 

Осылайша, медициналық ұйымдар өңір тұрғындарының 90%-дан астамы үшін қадамдық қолжетімділікте болады. Тәуелсіздік жылдары облыста 96 медициналық объектілер салынғанын атап өткім келеді, -деді ол брифинг барысында.



Өзгелердің жаңалығы