Павлодарда 2-4 тамызда Еуразиялық лига өтеді

26 Шілде 2019, 20:40
1113
Бөлісу:
Павлодарда 2-4 тамызда Еуразиялық лига өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаздың соңғы айының алғашқы күндері Павлодарда жағажай футболынан халықаралық турнир өтеді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

Турнирге Ресейдің Барнауыл, Томск және Новосібір қалаларының командалары келеді. Жарыста жалпы саны төрт команда бақ сынасады. Қаламыздың намысын қай кездегідей «Арман» жағажай футбол клубы қорғайды.

«Біз бұл турнирге 2016 жылдан бастап қатысып келеміз. Мұндағы мақсат –ойын тәжірибесін жинақтап, халықаралық деңгейдегі сындарға әзірлену, - дейді «Арман» ойыншысы Дмитрий Перевертов.

Былтыр Еуразиялық лига Новосібірде өткен еді. Онда павлодарлық футболшылар финалда алаң қожайындары «Джокерге» 5:1 есебімен ұтылып, нәтижесінде турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Өзгелердің жаңалығы