Облыс орталығындағы 1255 көпқабатты үй жылу желілеріне қосылды, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
Павлодар қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Нұрлан Рашитовтың айтуынша, үстіміздегі жылы 23 көпқабатты үйдің инженерлік желілері жөнндеуден өтті.
Жөндеу науқанында жол картасы шеңберінде 35 бригада құрылды. Мамандар тобы бір ай ішінде ыстық сумен қамту жағын реттеді. Бір ай ішінде 400-ден астам апат тіркеліп, жойылды. Қазіргі уақытта әлеуметтік мекемелер де жылумен толық қамтылды, - дейді Нұрлан Рашитов.
Айта кетейік, өткен жылы 30 пәтер иелеріі кооперативінің дайындығы нашар болған. Жағдай қайталанбас үшін бұл нысандарға жылу маусымына дайындау бойынша көмек көрсетілген. Апатты жағдайдағы желілер реттеліп, күрделі нысандар қалған жоқ.
Биыл жылу тарату орталықтарында 13 құрал жөнделді. Қазіргі уақытта төрт қазандық пен бір турбина жөнделіп жатыр. Ал 2022-2023 жылғы жөндеу науқаны барысында бірінші, екінші және үшінші жылу станцияларында негізгі құралдар кеңейтілген жөндеуден өтеді.
Сала мамандары халықты көмірмен қамту мәселесіне де тоқталды. Қазіргі уақытта энергия көздерінде 338 мың тонна көмер мен екі мың тонна мазут бар. Ал жекеменшік сектор тұрғындары көмірді еркін саудада сатып алу мүмкіндігіне ие. Халық тұтынатын қатты отын көлемі жеткілікті.