Павлодарда 11 жастағы қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Кеше, 15:10
232
Бөлісу:
Павлодарда 11 жастағы қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, балалар футбол клубының 31 жастағы бапкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күдіктіге "кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты зорлық-зомбылықпен сексуалдық әрекеттер жасау" және "кәмелетке толмаған адамға күш қолдану арқылы есірткі қолдануға мәжбүрлеу" баптары бойынша айып тағылған.

Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтейді. Қылмыс 2024 жылдың 1 қыркүйегінде болған.

Сотталушы К. алдау арқылы 2013 жылы туған кәмелетке толмаған қызды қонақүйге әкеліп, оны қонақүй әкімшісіне өзінің қарындасы ретінде таныстырып, бір бөлмеге орналасып, одан кейін сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Барлық дәлелдер бар. Олардың баламен бірге кіріп, кейін шығып бара жатқаны түсірілген видеолар бар. Сондықтан сотта бұл қылмысты күдіктінің жасағанына еш күмән болған жоқ, – деді судья.

Сот жабық есік жағдайында өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Баянауыл ауданының Майқайың кентінде екі жасөпірімді зорлау дерегіне қатысты екі дерек тіркелді. Жауапты басқарма өкілдерінің хабарлауынша, медициналық тексеруден соң оқушының жүкті болғаны анықталды. Зерттеу барысында сол отбасындағы 2008 жылғы жеткіншек те зорлыққа ұшырағаны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы