Павлодарда 11 тоннадан астам есірткі жойылды

10 Сәуір 2022, 03:38
1918
Бөлісу:
Павлодарда 11 тоннадан астам есірткі жойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс аумағында жойылған есірткі құралдарының көлемі 11 тонна 260 келіден астам. Жалпы сомасы 23 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сот үкіміне сәйкес қылмыстық істер бойынша барлық заттай дәлелдемелер жойылуға жатады.

Комиссия бірқатар қылмыстық істер бойынша қаралып жатқан есірткілерді өртеп жіберді. Ағымдағы жылы ауырлығы әртүрлі дәрежедегі есірткіге байланысты 22 қылмыстық іс тергеліп, сотқа жолданды. Заңсыз айналымнан 24 келіден астам есірткі құралдары мен психотроптық заттар алынды, - деді Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мәлік Оңғарбаев.

Полиция департаменті есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстар қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқыққа қарсы қызмет фактілері туралы азаматтар 8 (7182) 39-10-38 және 102 сенім телефоны арқылы хабарлай алады немесе «Police 102» мобильді қосымшасын пайдалануға болады.
 

Өзгелердің жаңалығы