Павлодар теміржол вокзалында мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды

25 Қаңтар 2024, 03:40
413
Бөлісу:
Павлодар теміржол вокзалында мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды
Фото: архив

Павлодар теміржол вокзалында мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды. 1976 жылы туған азамат облыс тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің мәліметінше, қызметкерлер "Тасымалдаушы" жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында станцияның теміржол вокзалында бағдарлау бойынша ер адам ұсталды.

Тексеру кезінде шартты түрде сотталған азаматтың 2023 жылғы 30 шілдеден бері ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі бойынша пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды.

Өзгелердің жаңалығы