Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарға Түркиядан ұшып келген Қазақстанның 102 азаматынан коронавирус анықталған жоқ. Бұл азаматтар алдағы 14 күн ішінде дәрігерлердің бақылауында болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Құрметті Павлодар обысы тұрғындары! Өздеріңіз білетіндей, әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты кеше Павлодарға Түркиядан 102 Қазақстан азаматы келді. Барлығы карантиндік госпитальда оқшауланды, олардың ішінде Павлодар облысы мен шекаралас облыстардың тұрғындары да бар, - дейді денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмаилов.
Сонымен қатар Біржан Досмаилов барлығына сараптама жасалып, олардың нәтижесі бүгін белгілі болғанын атап өткен.
Қуанышымызға қарай, отандастарымыздың ешқайсысынан COVID-19 белгілері табылған жоқ. Қайталап айтамын, барлығының дені сау. Және де бұл азаматтар алдағы 14 күн ішінде дәрігерлердің бақылауында болады. Өзіңіз бен отбасыңызға қорған болыңыз, - деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.