Павлодар өңірінің медицина тарихы туралы музей сыр шертеді

7 Маусым 2024, 17:07
353
Бөлісу:
Павлодар өңірінің медицина тарихы туралы музей сыр шертеді
PHOTO
Фото: автордан

Бір ғасыр бұрын өндірілген мақта, өткен ғасырда қолданыста болған ультрадыбыстық зерттеу аппараты мен дәрігерлердің аккордеоны. Павлодар облысында өңір медицинасының тарихы туралы сыр шертетін музей жаңа кейіпке енді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Павлодар өңірінің медицина тарихы туралы музей сыр шертеді

Өңір медицина тарихына арналған музей он жыл бұрын жұмысын бастаған. Дегенмен, жәдігерлер бірнеше емдеу мекемесінің ғимаратында орналасқан. Музей облыстық кардиологиялық орталығының базасында орналасқан.

Павлодар өңірінің медицина тарихы туралы музей сыр шертеді

«Саламатты Павлодар» медициналық қауымдастығының төрайымы Гүлнар Сейітқазинованың айтуынша, өңір денсаулық сақтау саласының тарихын 1905 жылдан бастау алады.

Павлодар қаласындағы алғашқы емхана 119 жыл бұрын ашылды. Сол замандағы шағын ауруханалар шаруалардың үйлерінде орналасқан. Небары 20 орынға шақталған мекемеде екі дәрігер жұмыс істеді. Кәсіби мамандар тек әскери дәрігерлер болған. Революцияға дейін қалалық түрме мен әскери комиссариат жанында емхана болды. Кейін аудандарда фельдшерлік пункттер ашыла бастады. Ал 1920 жылы сол кездегі Павлодар уезінде денсаулық сақтау бөлімі де ашылды. Облыс орталығында уездік аурухана, амбулатория, дәріханалар пайда болды. Екі жылдан кейін ауруханалар саны оннан асты. Терапиялық, хирургиялық, акушерлік, эпидемиологиялық бөлімшелер жұмыс істей бастады, - дейді Сейітқазинова.

Павлодар өңірінің медицина тарихы туралы музей сыр шертеді

Музей бірнеше бөлімнен тұрады. Саланы дамытуға атсалысқан тұлғалар, ауыл медицинасы мен әр салаға арналған бөлімшелер бар. Дәрігерлер қолданған медициналық аппараттар жинақталған жәдігерлер қоры сақтаулы. Мәселен, соғыс заманында пайдаланылған ота құралдары, алғашқы УДЗ-аппараты, нейрохирургиялық аспаптар, тіпті, көшпелі зертхана чемоданы бар.

Павлодар өңірінің медицина тарихы туралы музей сыр шертеді
Өзгелердің жаңалығы