Өрттің негізгі себептері пәтерде темекі шегу, пеш үстінде қалған тамақ, электр сымдарының ақаулығы, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылғы 19 ақпанда сағат 9.59-да Павлодар облысы ТЖД «101» операторының пультіне Екібастұз қаласы Қонаев көшесіндегі үйлердің бірінде өрт болғаны туралы хабарлама түсті.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабаттағы пәтерлерінің бірінде өрт шыққаны анықталды.
Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдарының арқасында автосатының, «Respihood» құтқару қалпақшасының көмегімен және баспалдақ маршымен 20 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды. Сонымен қатар өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермеді. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 10.21-де оқшауланып, сағат 10.34-те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға кеңес береді.