Павлодар облысының электр желілеріндегі ақаулар жиілей түсті

23 Тамыз 2024, 20:02
381
Бөлісу:
Павлодар облысының электр желілеріндегі ақаулар жиілей түсті
Фото: pixabay.com

Ертіс өңірінде соңғы екі жылда электр энергиясымен қамту саласында технологиялық бұзушылықтар күрт көбейген, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Жүргізілген сараптамаға сәйкес екі жыл бұрын 1600 технологиялық бұзушылық тіркелсе, былтыр 2690 ақау анықталды. Осылайша, апаттық өшірулер саны мыңнан асып жығылып, 61%-ға артқан.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Иманзаиповтың айтуынша, электр желілерінің тозуын азайту мақсатында жауапты кәсіпорындар инфрақұрылымды қайта жаңарту жұмыстары мен қосалқы станцияларды жаңғырту бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

Алайда кешенді шаралардың өзі жеткіліксіз. Осыған байланысты аймақта электрмен қамту желілерін модернизациялау бойынша 2025-2026 жылға арналған Жол картасын іске асыруға мұрындық болды. Жобалық құжаттаманы энергия беруші ұйымда әзірлейді. Ал қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді. Пилоттық жоба бұған дейін ешбір облыста іске асырылмаған. Жол картасы табысты іске асса, апаттық жағдайлар саны 40%-ға, яғни, көрсеткіш 1042-ге дейін азаяды, - дейді Ержан Иманзаипов.

Мамандардың жоспары бойынша Жол картасының нәтижесінде электр энергиясымен қамту бойынша 80 елді мекендегі жағдай жақсарып, 100 мыңға жуық тұтынушыға қызмет көрсету сапасы айтарлықтай артады.

Өңірде жылу энергиясымен қамту бағытында да кешенді жұмыстар қолға алынды. Былтыр облыстық үш қаласындағы жылу желілерінің тозуы деңгейін азайту мақсатында техникалық аудит жүргізілген. Құжат негізінде жыл сайын ұзындығы 25 шақырым болатын магистарльдік және орамішілік жылу құбырларын қайта жаңғырту жоспарланған. Үш шаһарда тиісті жобалар іске асырылуда.

Өзгелердің жаңалығы