Павлодар облысының оқушылары 1 күнге интернеттен бас тартты

28 Қаңтар 2020, 05:31
1362
Бөлісу:
Павлодар облысының оқушылары 1 күнге интернеттен бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірдің білім беру мекемелерінде 2020 жылдың 26 қаңтарына дейін Халықаралық интернетсіз күн тақырыбында оқушылар және ата-аналармен бірге сынып сағаттары мен сұхбаттар өткізілді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

26 қаңтарда республикалық  ауқымды "Мен OFFLINE" балалар акциясы ұйымдастырылады. Педагогтар мен ата-аналарға, оқушыларға осы бастамаға қолдау көрсетіп, 26 қаңтар күнін интернетсіз өткізу ұсынылды, -  дейді облыстық білім беру басқармасы.

Акцияның мақсаты - балаларды компьютерлер мен жаһандық желілерді бір күнге қолданбауын қамтамасыз ету, бұл күнде туыстармен жақынырақ араласу, балалардың шығармашылық, спорттық, музыкалық қабілеттерін дамыту. 1-4 сынып оқушылары арасында "Мен күнімді интернетсіз қалай өткіздім?" атты суреттер байқауы, 5-11 сынып оқушылары арасында "Мен OFFLINE" тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Облыста барлығы 356 мектепте 100000-нан астам оқушы білім алады.  


Өзгелердің жаңалығы