Павлодар облысының бірнеше ауылына су құбыры тартылады

9 Қаңтар 2020, 09:34
2294
Бөлісу:
Павлодар облысының бірнеше ауылына су құбыры тартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы таза сумен қамтылған халық саны 90 пайызға жетеді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

2019 жылы бес ауылда - Александровка, Жаңа ауыл, Шалдай, Алексеевка және Орловкада су құбырлары тартылды. Сол арқылы 15,7 мың адам немесе аудан халқының 80 пайызы таза ауыз сумен қамтылып отыр, - аудан әкімі деді Әзілхан Әбеуов.
Оның айтуынша, 2020 жылы қосымша 9 ауыл таза сумен қамтылады.
2020 жылы Есілбай, Шегірен, Красиловка ауылдарында су құбырлары тартылады. Олардың жобасы жасалып, конкурс өткізілді. Көктемде жұмыс басталады. Жыл ішінде аяқталуы тиіс. Ал, халық саны 200-ден төмен қосымша 6 ауылда КБМ орнатылатын болады, - деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Сынтас, Малиновка, Сахновка ауылдарына су құбырларын тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Айта кетейік, 2020 жылғы қосылатын 9 ауыл арқылы аудандағы 27 елді мекеннің 20-сы немесе аудан халқының 90 пайызы таза сумен қамтылады.


Өзгелердің жаңалығы